Алматыда демалыс күндері бірнеше көше жабылады

Опубликовано:

Алматыда демалыс күндері жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты бірнеше көше жабылады. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Alau.kz
Фото: Alau.kz: Instagram

Жұмыстар 8 мамыр мен 11 мамыр күні аралығында түнгі уақытта жүргізіледі.

Гоголь көшесінің Шәріпов көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейінгі бөлігі 8 мамыр 23:00-ден 9 мамыр 6:00-ге дейін жабылады.

Осы уақытта жол жұмыстары Қарасай батыр көшесі бойымен Байзақтан Мұқанов көшесіне дейін жүргізіледі.

Шөкин көшесінен Мұратбаевқа дейінгі бөлікте, Гоголь көшесіне жаңа асфальт төселеді. Осыған байланысты көшеде жол жүру 9 мамыр 23:00-ден 10 мамыр 6:00-ге дейін жабылады.

10 мамыр сағат 23:00-ден 6:00-ге дейін 11 мамыр күні Нұрмақов пен Байзақов арасындағы Қарасай батыр жолының учаскесі жабылады. Онда жол жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1793183-almatyda-demalys-knderi-birnese-kse-zabylady/