Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде түн ішінде орталық базар өртеніп кетті: Саудагерлер шу шығаруда (фото)

Опубликовано:

Ақтөбеде кеше түнде орталық базар қызыл жалынның астында қалды. Базар іші әлі бықсып жатыр. "Айсұлтан" жабық павильоны толығымен жанып кеткен. Барлық тауарлары күлге айналған кәсіпкерлер базар басшылығынан шығынды өтеуді талап етуде деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбеде түнде отқа оранған орталық базарға қатысты қылмыстық іс қозғалады
Фото: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Таңғы сағат бестен бері базар маңын торуылдаған кәсіпкерлерді облыс әкімінің орынбасары арнайы келіп сабырға шақырып жүр.

"Осы жағдайға байланысты арнайы жұмыс тобы құрылды. Қазір сіздерден базар әкімшілігі арыз қабылдайтын болады.

Базар басшылығы "Айсұлтан" ғимаратының сақтандырылғанын айтып отыр. Түстен кейін бұл жерде сақтандыру комитетінің мамандары жұмыс жасайды.

Сауда тоқтап қалмас үшін қала әкімдігімен іргедегі сауда орындарымен сөйлесу жұмыстары жүргізіледі. Сіздер сол орындарда жұмыс жасай аласыздар

Ақтөбеде түнде отқа оранған орталық базарға қатысты қылмыстық іс қозғалады
Фото: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Саудаға байланысты алынған несие болса пайыздық мөлшерлемесін уақытша тоқтатуға банктермен келіссөз жасалатындығы жөнінде базар әкімшілігі ұсыныс жасап отыр. 

Ол қалалық әкімдік, базар және кәсіпкерлермен үшжақты жұмыстар арқылы нақтыланатын болады. Бастысы бас амандығы. Шүкіршілікпен сабырлық сақтайық",- деді облыс әкімінің орынбасары Мавр Абдуллин .
Ақтөбеде түнде отқа оранған орталық базарға қатысты қылмыстық іс қозғалады
Фото: KAZ.NUR.KZ: Twitter

Жыларман болған кәсіпкерлер базар басшылығының уәдесіне сенбей отыр.

"Осы базарда тұрғаныма 25 жыл болды. Бұл базар басшыларына сенім жоқ.

Олар ертең жөндеу жұмыстарын жасап, өз орнымызды қайта сататын болады. Біз осымен нешінші рет сатып алдық.

Сондықтан базар басшылары бізге жазбаша қолхат берсін. Шығынды өтесін және орынды қайта сатпайтынын айтсын",- дейді кәсіпкер Алмагүл Сейталиева.
Ақтөбеде түнде отқа оранған орталық базарға қатысты қылмыстық іс қозғалады
Фото: KAZ.NUR.KZ: Facebook

Кәсіпкерлер базар басшыларынан билік өкілдерінің алдында жазбаша қолхат беруін сұрағанымен, талаптары орындалмады.

Ал төтенше жағдай қызметі базарда өрт қауіпсіздігінің жиі сақталмайтынын жайып салды.

Ақтөбеде түнде отқа оранған орталық базарға қатысты қылмыстық іс қозғалады
Фото: KAZ.NUR.KZ: Twitter
"Қазір өрттің шығу себебін анықтау мүмкін емес. Бізге түңгі 3:30-да қоңырау түсті. Толықтай 5:28 уақытта өртті сөндірдік. Қазір өрттің тарауы жоқ, тек бықсып жатқан жерлер бар. 

Өрттің аумағы 1650 шаршы метрді құрап тұр. Біз келгенде базардың іші төбеден бастап толықтай  жанып жатты. 

Ақтөбеде түнде отқа оранған орталық базарға қатысты қылмыстық іс қозғалады
Фото: KAZ.NUR.KZ: Twitter

Шындығын айту керек, базардың айналасындағы уақытша павильондар өрт сөндіру жұмыстарына кедергі келтіреді.

2018 жылғы тексеріс нәтижесі бойынша орталық базардағы өрт қауіпсіздіктің сақталмауына байланысты айыппұл да салынған болатын.

Орталық базардың жұмысын тоқтатуға сотқа ұсыныс жолдадық. Бірақ олар бір ай ішінде кемшіліктерді қалпына келтіріп, тоқтату арызы қайтып алынды.

Қазір енді осы жағдай бойынша анықтау жұмыстары жүріп жатыр", - дейді Ақтөбе қаласы төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Айбат Жаңабергенов.
Ақтөбеде түнде отқа оранған орталық базарға қатысты қылмыстық іс қозғалады
Фото: KAZ.NUR.KZ: Twitter

Төтенше жағдай қызметі базарда болған өрт оқиғасына қатысты қылмыстық істің полицияға жіберілетінін айтты. 

Бұл орталық базарда болған екінші жағдай. Осыған дейін базардың әкімшілік ғимараты өртке оранған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1793224-aktbede-tn-isinde-ortalyk-bazar-rtenip-ketti-saudagerler-su-sygaruda-foto/

pixel