Алдағы үш күнде елімізде күн жылы болады

Опубликовано:

Алдағы үш күнде Қазақстанда күн жылы болады деп хабарлайды "Қазгидромет".

Көрнекі фото: x-rss.com
Көрнекі фото: x-rss.com: Twitter

Алдағы үш тәулікте де республика аймағында ауа райында күрт өзгерістер күтілмейді. Батыс облыстарында күндіз ауа температурасы 30…38°С дейін жоғарылап, найзағай мен өткінші жаңбыр күтіледі.

Оңтүстік және орталық аймақтарда да күн жылы және жауын-шашынсыз болады.

Аптаның соңында суық атмосфералық фронт және Карск теңізінде қалыптасқан антициклонмен солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс облыстардың кей жерлерінде өткінші жаңбыр және ауа температурасының біртіндеп төмендеуі күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1793262-aldagy-s-knde-elimizde-kn-zyly-bolady/