Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бұрынғы қазақстандық футболшыны Мәскеудің жанында соққыға жықты

Опубликовано:

Қазақстан құрамасының бұрынғы шабуылшысы Глеб Мальцевті Подмосковьеде белгісіз біреулер соққының астына алған. Футболшы ол жаққа Жеңіс күнін атап өтуге барыпты. Соққы алған Мальцевті ауруханаға жеткізген деп хабарлайды Мутко против телеграмм-арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: prosports.kz
Фото: prosports.kz: Facebook
Телеграмм арнасының жазуынша, 31 жастағы бұрынғы қазақстандық футболшы аса таныс емес адамдармен 9 мамыр мерекесін атап өткен. Кейінірек олармен жаға жыртысып қалыпты.

Нәтижесінде Глеб Мальцев бас жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Айта кетейік, Глеб Мальцев мансабын 2014 жылы аяқтаған.

Футболшы "Ертіс", "Ордабасы" және "Есіл-Богатырь" клубтарында доп тепкен.

Ол ұлттық құраманың сапында үш ойын өткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1793357-bryngy-kazakstandyk-futbolsyny-mskeudi-zanynda-sokkyga-zykty/

pixel