Нұр-Сұлтанда көлік бөлшектерін ұрлағандар ұсталды
Опубликовано:
Нұр-Сұлтан қаласының полиция қызметкерлері бірнеше көліктің аккумуляторын ұрлаған екі күдіктіні ұстады деп хабарлайды елордалық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Полицияның айтуынша, соңғы уақытта азаматтардан аккумулятор ұрлығы туралы арыздар жиі түсіпті.
Олар ұрлық түнде, көбінесе дабыл белгісі жоқ көліктерде болғанын атап өтті.
Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шарасының нәтижесінде екі күдікті ұсталғанын жеткізді.
"Қазіргі таңда "ұрлық" бабы бойынша тергеу жүргізілуде, заттай айғақ тәркіленді.
Сонымен қатар, күдіктілердің бұрын елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстығы тексерілуде", - деді полиция департаменті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1793369-nr-sltanda-klik-blsekterin-rlagandar-staldy/