Иван Дычко Кличконың бұрынғы қарсыласын жеңіп кетті (видео)
Опубликовано:
Қазақстандық боксшы Иван Дычко Рэй Остинмен өткізген жекпе-жегінде жеңімпаз атанды. Отандық спортшы Владимир Кличконың бұрынғы қарсыласын үшінші раундта нокаутқа жіберген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстан ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, Иван Дычко мен америкалық боксшының кездесуі Голливудтегі Hard Rock аренасында өткен.
Отандық спортшы жекпе-жектің үшінші раунда-ақ қарсыласын нокаутқа жіберген. Айта кетерлігі, оған қарсы шықан Рэй Остин украиналық Владимир Кличконың бұрынғы қарсыласы болып шықты.
Анықталғандай, Дычко осымен қатарынан сегізінші жеңісіне қол жеткізіп отыр. Ол өткізген сегіз жекпе-жекте уақытынан бұрын аяқталған.
Дычко 2012 және 2016 жылғы олимпиада ойындарында қола жүлдегер атанған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1793383-ivan-dycko-klickony-bryngy-karsylasyn-zeip-ketti-video/