Желіде есірткі жарнамалаған Нұр-Сұлтан тұрғындары тұтқындалды
Опубликовано:
Нұр-Сұлтанда есірткі саудасымен айналысатын интернет-сайттарды жарнамалады деген күдікпен үш азамат тұтқындалды. Бұл туралы елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Хабарламада тәртіп сақшылары 30 бен 32 жас аралығындағы үш ер адамды тұтқындағаны туралы айтылды. Олар есірткі сатып алуға болатын интернет-сайттарды жарнамалағаны үшін күдіктеліп жатыр.
Тұтқындау кезінде астаналықтарда өзімен бірге трафарет пен бояуы бар аэрозольді баллондар болғаны анықталды.
Тұтқындалған тұрғындар әкімшілік кодекске сәйкес жауапкершілікке тартылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1793390-zelide-esirtki-zarnamalagan-nr-sltan-trgyndary-ttkyndaldy/