"Пайдаланып жүр ме": Жігітіне пәктігін сыйлаған ару өзін мазалаған оймен бөлісті

Опубликовано:

Бір жыл жүрген жігітінен жыраққа кеткен бойжеткен бүгінде аралары алшақтап кеткенін байқаған. Екеуі екі қалада болған соң қазір олардың ұрысы жиілеп кетіпті. Бұл туралы арудың өзі Instagram желісіндегі "Әйел құпиясы" парақшасында баяндаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: 2krota.ru
Көрнекі фото: 2krota.ru: Facebook

Бойжеткеннің сөзінше, жігіті қазір көп сөйлесуден қашады екен.

"Бір айдан кейін, оқуым біткен соң өз қалама барамын. Қазір менен қашып, сөйлеспейді, неге сөйлеспейсің десем, қолым бос емес дейді. Хабарлассам, үнемі бос емес, басқа біреумен сөйлесіп жатады. Күдіктеніп айтсам, ұрысып тастайды. Мінезі ашуланшақ, ұруға дейін барады, жаман қызғаншақ", - дейді кейіпкер.

Махаббаттан көзі байланған ару сүйіктісін тастай алмай жүргенін алға тартты.

"Тастайын десем, өзім қатты жақсы көремін. Мінезі қанша ауыр болса да, шыдап жүрмін. Себебі, басқа ешкімге бара алмаймын. Пәктігімді беріп қойғанмын. Білемін, қате екенін. Хабарласып, хәлімді сұрап көрмепті. Мені пайдаланып жүр ме деп те ойлаймын", - деді бойжеткен.

Ендігі кезекте ғашығын түсіне алмаған қыз жұрттан кеңес сұрап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1793603-pajdalanyp-zr-me-zigitine-pktigin-syjlagan-aru-zin-mazalagan-ojmen-blisti/