Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО тас жолында балалар мінген шағын автобус өртеніп кетті

Опубликовано:

Нұр-Сұлтан - Петропавл тас жолында 11 оқушы мен бір ересек адам мінген шағын автобус жанып кетті деп хабарлайды СҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: СҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Фото: СҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі: UGC

Жол оқиғасы 14 мамыр күні Рощинское ауылы маңында кешкі сағат бес шамасында орын алды.

Оқушылар мінген "ГАЗель" шағын автобусы Петропавлдан полиция көлігімен бірге келе жатқан.

Көліктің моторында күтпеген жерден ақау пайда болып, транспорт өртке орана бастапты.

Полиция қызметкерлері тез арада оқушылар мен бір адамды эвакуациялап, қызыл жалынды өшірген.

Өрт сөндіру қызметкерлері оқиға орнына 40 минуттан кейін жетіпті.

Ол уақытта шағын автобус толықтай жанып кеткен.

Тілсіз жаудан ешкім зардап шекпеді.

Фото: СҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Фото: СҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1793943-sko-tas-zolynda-balalar-mingen-sagyn-avtobus-rtenip-ketti/

pixel