Петропавл әуежайын қайта жөндеу кезінде 70 млн теңге ұрланған

Опубликовано:

Солтүстік Қазақстан облысының экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері бюджет қаражатын ұрлау фактісін анықтады. Көше жарықтарын орнату кезінде 40 миллион, Петропавл әуежайын қайта қалпына келтіру уақытында 70 миллион теңге жымқырылған деп хабарлайды Хабар 24-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: UGC

СҚО экономикалық тергеу департаменті журналистерге тек 2019 жылы ғана бюджеттен 300 миллион теңге көлемінде ұрлау фактілері тіркелгенін айтты.

Облыстық экономикалық тергеу департаментінің бастығы Нұрымжан Абатовтың сөзінше, 44 миллионның ішіндегі 21 миллионына жобалық-сметалық құжаттарда орнатылуы тиіс құралдардың орнына басқа құралдар орнатылған.

"Ол бағасы төмен. Ол – 21 млн. Қалған сомаға істелуі тиіс жұмыстар істелмеген", - деді ол.

Абатов ұрлықтың беті ашылғанын, іс тергеліп, сотқа жеткенін атап өтті.

Ол тапсырыс беруші қалалық әкімдік қызметкерлерінің жұмысты қалай қабылдағаны қайран қалдырғанын жасырмады.

Абатовтың сөзінше, оны өздері де түсіндіре алмаған.

Ол Петропавл халықаралық әуежайы Қазақстан мен Ресейдің 15-аймақаралық ынтымақтастық форумы қарсаңында күрделі жөндеуден өткенін жеткізді.

Оған ел қазынасынан 1,1 млрд теңге бөлінді.

Бірақ қаржының 68 млн теңгесі қолды болған.

Бұл ақшаға құжатта көрсетілген қондырғылар қойылмаған.

Осы іске сәйкес, екі кәсіпкер ұсталып, мемлекетке 68 млн теңге қайтарып берді. Сотта олардың кінәсі дәлелденіп, әрқайсысы 6 жыл шартты түрде жазаланды. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1793977-petropavl-uezajyn-kajta-zndeu-kezinde-70-mln-tege-rlangan/