Ұлттық бюро қызметкерлерін тоқтатқан полицейлерді ІІМ тексеріп жатыр (видео)
Опубликовано:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің брифингінде әлеуметтік желіде тараған Ұлттық бюро қызметкерлері отырған көлікті тоқтатқан полицейлердің видеосына қатысты түсініктеме берді. ІІМ бұған қатысты тексеру жұмыстарын жүргізуде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ұлттық бюроның сыбайлас жемқорлыққа қарсы басқарманың басшысы Ақбілек Мядыеваның хабарлауынша, видеоға түсірілген көлік ағымдағы жылдың 17 ақпанында тоқтатылған.
Ішінде отырған жолаушылар Атырау облысының Ұлттық бюро қызметкерлері болған.
"Бұл жексенбі - демалыс күні болған. Қызметкерлер қоғамға жат қылық жасамаған, ішімдік ішкендері анықталмаған. Екі көлік те қызметтік емес, жүргізушілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметіне еш қатысы жоқ. Сондықтан да бұл факт қызметтік іспен еш байланысы жоқ", - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Мядыева полицейлер көліктерді заңсыз балық аулаушыларды анықтау үшін тоқтатып жатқандарын хабарлағанын жеткізді.
Алайда көлік тоқтатылған жер табиғатты қорғау аймағына жатпайды, ал аймақтағы браконьерлермен күрес шаралары тек 1 сәуірде басталған. Оқиғадан бір жарым ай өткен соң.
"Осылайша, полицейлердің көлікті тоқтатуға заңды негіздері болмаған", - деді Мядыева.
Оның сөзінше, Ұлттық бюро қызметкерлері отырған көлік жылдамдықты асырмаған, жол жүру ережелерін бұзбаған. Сондай-ақ полицейлер өздерін таныстырмаған және құжаттарын көрсетпеген.
"Сондықтан ведомствомыздың қызметкері полицейлерді де заңды негіз жоқ жерде пара алды деп тұтқындаса дұрыс бола ма деген сұрағы орынды.
Кейбір интернет-ресустарында жарияланған сөздер әңгіме желісінен жұлып алынған және қызметтік лауазымын асыра пайдалану сияқты көрсетілген", - деп түсіндірді ведомствода.
ІІМ полицейлердің әрекеті қаншалықты заңды болғанын тексеруде.
МҚІЖСЖҚІҚА өз қызметкерлерінің де әдеп бұзушылық фактісіне тексеріп, Атырау облыстық департамент басшысының орыбасары Уаисов қызметінен босатылған.
Басқарма жетекшісі Губайдуллин қызметіне толық лайық еместігі жөнінде ескерту алып, ал бақылауды қамтамасыз ете алмаған басшы Сапаровқа қатаң сөгіс жарияланған.
Айта кетейік, бұған дейін желіде Ұлттық бюро қызметкерінің қатысуымен болған оқиғаның видеосы тараған. Бейнежазба астында олардың полиция қызметкерлері тоқтатқан сәтте өзін дөрекі ұстағаны жазылған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1794115-lttyk-buro-kyzmetkerlerin-toktatkan-policejlerdi-iim-tekserip-zatyr-video/