Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында 18 жастағы бойжеткен із-түзсіз жоғалып кетті (фото)

Опубликовано:

Алматы облысында 18 жастағы бойжеткен жоғалып кетті. Ол үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Полиция қызметкерлері мен еріктілердің Айгүл Амангелдіні іздестіріп жатқанына үш күн болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Айгүл Амангелді. Фото: Volontery_almaty_LIDER.KZ
Айгүл Амангелді. Фото: Volontery_almaty_LIDER.KZ: UGC

Айгүл Жанатбекқызы Амангелді 13 мамыр Белбұлақ ауылындағы үйінен шығып, із-түзсіз кеткен. Бойжеткеннің үстінде ақ жейде, көгілдір шалбар мен ақ және алтын түстес аяқ киім болған.

Оның ерекше белгілері: бойы 160-165 см, шашы - сарғылт, көзі көк-сұр түсті.

Алматы облысының полиция департаменті Айгүл Амангелдіні іздестіру жұмыстары 13 мамырдан бастап жүріп жатқанын хабарлады.

Із-түзсіз кеткен аруды Талғар ауданы мен Алматы облысының полиция қызметкерлері жұмылдырылған. Оған қоса, іздестіру жұмыстарына қоғамдық көмекшілер мен еріктілер қосылған.

Іздестіру бойжеткен тұратын ауыл мен қатар, жақын орналасқан елді мекендерде де жүргізіліп жатыр.

Полицияның мәліметінше, Айгүл Амангелдінің суреті мен оған қатысты ақпарат еліміздің барлық облыстарына жіберілген.

Тәртіп сақшылары Айгүлді көрген немесе оған қатысты қандай да бір ақпарат білетін жан болса төмендегі нөмірлерге хабарласуын сұрайды: +7 7282 600 232, +7 7282 600 233, +7 727 295 61 05, +7 727 295 63 96 немесе 102.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1794118-almaty-oblysynda-18-zastagy-bojzetken-iz-tzsiz-zogalyp-ketti-foto/

pixel