"Сабақ болсын": Испанов өзін балағаттаған қала тұрғынын кешірмейтінін айтты

Опубликовано:

Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испановтың арызы бойынша қала тұрғынына қатысты жергілікті полиция "билік өкілін қорлау" бабымен қылмыстық іс қозғады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Сабақ болсын": Испанов өзін балағаттаған қала тұрғынын кешірмейтінін айтты
Ілияс испанов. Фото: akt.gov.kz: Facebook

Ақтөбе тұрғыны қала басшысын Instagram желісіндегі парақшасында балағаттаған болатын. Бүгінде тергеу амалдары жүріп жатыр.

Егер кінәсі дәлелденсе айыпталушы 400 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуі немесе қоғамдық жұмыстарға тартылуы мүмкін.

Өз кезегінде, әкімге тіл тигізген тұрғын кешірім сұрап, енді бұлай жасамайтынын жеткізді.

Алайда, Ілияс Испанов заң аясында шешім қабылдауды құқық қорғау органдарының құзырына қалдырып отыр.

"Мен оны кешірмеймін. Құқық қорғау органдарының құзырына қалдырамын. Бір жағынан, өзгелерге де сабақ болсын", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1794288-sabak-bolsyn-ispanov-zin-balagattagan-kala-trgynyn-kesirmejtinin-ajtty/