Алматы облысында емтиханға кеткен 18 жастағы қыз жоғалып кетті

Опубликовано:

Алматы облысында 18 жастағы қыз із-түссіз жоғалып кетті. Бұл туралы Ислам Угушев өз Facebook парақшасында мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: sn.kz
Фото: sn.kz: Twitter

2001 жылы дүниеге келген Амангелді Айгүл Жанатбекқызы 13 мамыр күні Алматы облысы Талғар ауданы Белбұлақ (Мучурино) ауылындағы үйінен шығып, Санжар Асфендияров атындағы медицина университетіне қорытынды емтихан тапсыруға кеткен. Содан бері студенттен хабар жоқ.

"Әзірге белгісіз себептермен Айгүл оқу орнына жетпеген. Оның күнделікті жүретін жолдарының барлығы тексерілді.

Сондай-ақ, қыздың ұялы телефонындағы кіріс және шығыс қоңыраулар да анықталды. Алайда, маңызды ақпарат табылған жоқ.

Бір қызығы, жоғалып кеткен соң оның ұялы телефоны қоңырау қабылдай алмаса да, бір тәулік бойы қосылып тұрған. Артынша қуаты біткен соң өшіп қалған.

Бұл ақпарат Google ақпарат арқылы анықталды",- деді Угушев.

Іздеу жұмыстары жүріп жатыр. Әзірге Айгүлдің мекенжайына қатысты дерек жоқ.

Фото: Facebook/ Ислам Угушев
Фото: Facebook/ Ислам Угушев: Getty Images

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1794473-almaty-oblysynda-emtihanga-ketken-18-zastagy-kyz-zogalyp-ketti/