Қостанай облысында 34 жастағы ер адамның денесі табылды
Опубликовано:
Қостанай облысында 34 жастағы ер адамның денесі табылды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі де ер адамның денесінің табылғанын растады.
Оқиға 7 мамыр күні Таран ауданының Береговое ауылында болған.
"Дүкен жанынан қинап өлтірілген 34 жастағы ер адамның денесі табылды. Жедел із кесу шаралары барысында үш күдікті ұсталды", - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.
Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Олар кінәларын толығымен мойындаған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1794603-kostanaj-oblysynda-34-zastagy-er-adamny-denesi-tabyldy/