Алматылық қайырымды жастар кептелісте тұрған жандарға ауызашар берді (фото)
Опубликовано:
Алматыдағы бір топ қайырымды жастар қасиетті Рамазан айында ерекше ісімен көзге түсті. Олар көшеде кептелісте тұрған аузы берік жандарға ауызашар ұйымдастырған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Қайырымды жандар" еріктілер тобының мүшелері қалада көлік кептелісінде тұрған аузы берік жандарды ауызашармен қуантты.

Олар Алтын Орда базарының маңында кептелісте тұрған 120 адамға су мен құрма ұсынды.

Одан бөлек, Тастақ базары мен Сайран автовокзалының маңында 264 адамға су мен құрмадан берілген.
"Біздің топқа студенттер мен ерікті жастар жиналған. Біз өз шамамыз жеткенше жақсылық жасауға, сауап алуға тырыстық. Мейрамхана, кафелерде ауызашар жасайтын мүмкіндігіміз болмаған соң, ең болмаса кептелісте тұрған аузы берік жандарға жақсылық жасайық деген ойдан туындады бәрі", - дейді топ мүшесі Айдана.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1794720-almatylyk-kajyrymdy-zastar-kepteliste-trgan-zandarga-auyzasar-berdi-foto/