Қазақстанның төрт аймағында дауылды ескерту жарияланды
Опубликовано:
Қазақстанның төрт аймағында 21-22 мамырда дауылды ескерту жарияланды деп хабарлайды "Қазгидромет" РММ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

21 мамырда Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде нөсер жауын күтілуде. Кей аймақтарда найзағай, дауыл, бұршак жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.
Қостанай облысында кей жерлерде найзағай ойнап, тұман түседі. Бұршақ күтілуде. Солтүстік батыстан соққан жер екпіні 145-20 м/с жетеді. Түнде 3 градустық үсік жүреді.
Қостанай қаласында 21 мамыр күні жел соғады, оның күшін секундына 15-20 метр болады деп болжануда.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде қар жауады, тұман түседі. Күндіз кейбір аймақтарда найзағай ойнап, бұршақ жауады. Күндіз соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. 1-6 градустық үсік жүруі ықтимал.
Петропавл қаласында күндіз бұршақ жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Жер бетімен 2 градустық үсік жүреді.
Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады. 21-22 мамыр күндері жүйткіген жел жылдамдығы 23-28 м/м жетеді. Кей аймақтаға бұршақ жауып, найзағай ойнайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1794913-kazakstanny-trt-ajmagynda-dauyldy-eskertu-zarialandy/