RU

Тоқаев жұмыс сапарымен Қостанай облысына келді

Мемлекет басшысы асым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: Instagram

Сапар барысында мемлекет басшысының Қазақстан-Ресей жастарының ынтымақтастығы форумына қатысуы жоспарлануда.

Сонымен қатар, Қазақстан президенті өңірдің бірқатар кәсіпорындары мен шаруа қожалықтарын аралап көріп, Қостанай қаласы әкімдігі қоғамдық қабылдауының жұмысымен танысады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1795135-tokaev-kostanaj-oblysyna-keldi/