Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада әуретті жеріне тату салғызатын бойжеткендер көбейген

Опубликовано:

Елордада әуретті жерлеріне пирсинг, татуаж салатын бойжеткендердің саны артқан. Тату жасайтын шеберлер сондай-ақ түрлі аң тотеміндегі сурет салдыру сәнге айналғанын алға тартуда деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: zhividolgo36.ru
Көрнекі фото: zhividolgo36.ru: Facebook

Астанадағы сән салондарының бірінде қызмет ететін жас маман елордалық арулар арасында татуаж жасату сәнге айналғанын айтады. Оның сөзінше, жас қыздар әуретті жерлеріне пирсинг жасатып, татуаж салудан да тайынбайды екен.

"Денеге татуаж салуға қызығушылық танытып жатқан жастардың қатары соңғы жылдары арта түсті. Маған мысалы шамамен күніне 5-6 бойжеткен дәл осы денеге тату салдыру үшін келеді. Бағасы әртүрлі, мысалы денедегі тыртықты жабу мақсатында жасалатын татуаж бағасы бізде – 17 мың теңге тұрады.

Ал "художественный" яғни қандай да бір суретті денеге салу қызметінің құны 20 мың теңгеден басталады.

Негізі татуаж бағасы оның көлеміне тікелей байланысты. Мысалы кейбір қыздар 3*4 көлеміндегі, кішкентай ғана сурет болса болды деп келеді. Ондай аз көлемге қандай суретті сыйдыра аласың? Сондықтан денеге татуаж салмастан бұрын, нақты қандай сурет, ол қандай мағынаны білдіретінін нақтылап, біліп алу керек.

Сол сияқты әуретті жерлеріне пирсинг, татуаж салдыратын қыздар да кездеседі.

Өткен айды мысалы сондай үш клиент келді. Пирсинг салу құны 30 мың теңгені құраса, татуаж жасату 18-20 мың теңгеден басталады", - дейді тату жасау шебері.

Жас маман елімізде татуаж салу курстары некен-саяқ екенін жеткізді. Аталмыш сала мамандары тату жасатудың қыр-сырын Ресейге барып немесе интернет арқылы үйренеді екен.

"Қазақстанда денеге татуаж салу, оның ішінде түрлі сурет салу маманы өте аз. Былтыр мен Новосібірге барып білімімді жетілдірсем, биыл Омбыға баруды жоспарлап отырмын.

Колледж бітіргенмін, бірақ мамандығым бойынша ешқашан жұмыс істеген емеспін. Бастапқыда қыздардың қасына татуаж жасап үйрендім, кейін осы салаға бет бұрдым. Табысым жаман емес, шүкір", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1795177-elordada-uretti-zerine-tatu-salgyzatyn-bojzetkender-kbejgen/

pixel