Нұр-Сұлтандық жігіт сүйіктісіне вокзалда ерекше ұсыныс жасады (фото, видео)
Опубликовано:
Нұр-Сұлтандағы "Нұрлы жол" вокзалының дикторы Таңшолпан Бөлшебекке әріптесі сезімін білдірді. Бойжеткенге Әділбек Үмбетәлин бірнеше тұрғынның көзінше үйленуге ұсыныс жасаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ер азаматтың ұсыныс жасауына вокзал қызметкерлері көмектескен. Таңшолпан Бөлшебекке залға өткен сәтте, әріптестері оны қызыл түсті шарлармен қоршап алған.

Ал осы сәтте экраннан ғашықтардың бірге түскен суреттері көрсетіледі.
Айта кетейік, бұл жұптың кездесіп жүргеніне екі жылдың көлемі болған. Бойжеткен вокзалда диктор қызметін атқарса, жігіт - вокзал кешнінде кезекші.
Әділбек Үмбетәлин Таңшолпанға жүзік салынған қораппен келген сәтте, ару эмоциясын жасыра алмаған.
Ал сүйіктісінің "Маған тұрмысқа шығасың ба?" деген ұсынысына Таңшолпан "Иә" деп жауап берген.

"Нұрлы жол" вокзалының директорының орынбасары Нұрлан Аманжоловтың айтуынша, қызметкерлер арасынан осы уақытқа дейін алты жұп шыққан. Әділбек пен Таңшолпан шаңырақ көтергелі отырған жетінші жұп екен.

Естеріңізге сала кетейік, "Нұрлы жол" вокзалы 2017 жылдың 1 маусымында ашылған. Жақында мекеме өзінің екі жылдығын атап өтеді.
Осы уақытқа дейін вокзал 10 млн жолаушыға қызмет көрсеткен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1795604-nr-sltandyk-zigit-sjiktisine-vokzalda-erekse-synys-zasady-foto-video/