Алматыда қалта ұрылары ұсталды (фото)

Опубликовано:

Алматы полициясы қоғамдық орындарда ұрлықпен айналысып жүрген үш азаматты ұстады. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тұтқындалғандар. Фото: Алматы ПД баспасөз қызметі
Тұтқындалғандар. Фото: Алматы ПД баспасөз қызметі: UGC

27 мен 40 жас аралығындағы үш ер адам қаладағы қоғамдық орындар мен автобустар ішінде ұрлықпен айналысып жүрген.

Күдіктілердің әрқайсысы қылмыстық әрекетін бір өзі іске асырып жүргені белгілі болды. Оған қоса, олар қалта ұрлығы үшін бірнеше мәрте қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

"Қалта ұрылары әрекетін қоғамдық орындарда іске асырады. Тәжірибе көрсеткендей, көп жағдайда бұл ер адамдар. Олар көзге түспейтіндей, ұқыпты киініп алады. Қырағылық танытпаған сәтте, қалта ұрысы жолаушының немесе өтіп бара жатқан адамның құнды затын оп-оңай қолды етіп алады.
Ұрлықшы әрдайым белігі жоспармен әрекет етпейді және белігілі бір құрбан таңдамайды. Егер ол қолжетімді жерде мәселен біреудің артқы қалтасында немесе ашық сөмкеде тұрған әмиянды немесе телефонды байқап қалса, сөзсіз бұл сәтті пайдаланады.
Сол себепті қырағылықты жоғалтпай, өз мүлкіңізді сақтап қалу үшін қарапайым шараларды естен шығармауға шақырамыз" , - деді Алматы қалалық ПД қылмыстық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1795714-almatyda-kalta-rylary-staldy-foto/