Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында «салафит» жігіт туған анасын тонап кеткен

Опубликовано:

Ақмола облысында өз үйінен алтын бұйымдар ұрлаған «салафит» жігіт ұсталды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақмола облысында «салафит» жігіт туған анасын тонап кеткен
Фото: Hdinterior.ru: Instagram

Степногор қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, үйінен екі алтын жүзіктің жоғалғанын айтқан.

Арызданушы әйелдің сөзіне қарағанда үйге бөгде адам кірмеген. Сол себепті тергеушілер әйелдің 25 жастағы ұлынан күдіктенген.

Тергеу амалдары кезінде полицейлердің күдігі расталды.

«Белгілі болғандай, ұсталған жігіт еш жерде жұмыс істемейді. Ұрланған алтын бұйымдарды сату немесе ломбардқа өткізуді жоспарлаған. Өзін деструктивті «салафизм» ағымын ұстанушы ретінде танытқан. Өзінің жасаған қылмысын мойындап, өкінішін білдірді», - дейді Ақмола облысының ПД баспасөз қызметінінің өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1795880-akmola-oblysynda-salafit-zigit-tugan-anasyn-tonap-ketken/

pixel