ІІМ балалар батуты қызметін тоқтата тұруға шақырды

Опубликовано:

Ішкі істер министрлігі кәсіпкерлерді қолайлы ауа райы қалыптасқанша уақытша балалар батуты қызметін тоқтата тұруға шақырды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: goodbatut.ru
Көрнекі фото: goodbatut.ru: Instagram

Министрлік қатты жел үрлемелі аттракциондарда балалармен жазатайым оқиғаларды тудыруы мүмкін екенін ескертті.

Сондай - ақ, ІІМ-де жергілікті атқарушы органдар батуттарды, балалар алаңдарын, велосипедтерді жалға беру нүктелерін және басқа да қауіпсіздік нормаларын сақтау бойынша жұмыстарды бастағанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1795984-iim-balalar-batuty-kyzmetin-toktata-truga-sakyrdy/