Нұр-Сұлтанда 51 жастағы тіс дәрігері бір аптадан бері табылмай жатыр (фото)
Опубликовано:
Нұр-Сұлтанда 1967 жылы туған Владимир Тернавский із-түзсіз жоғалып кетті. 51 жастағы тіс дәрігерінен 21-ші мамырдан бері хабар жоқ деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Нұр-Сұлтан полициясы азаматтың қайда екенін анықтауға бағытталған іздестіру жұмыстары жүріп жатқанын растады.
Владимирдің ерекше белгілері: бойы 178-183 см, қоңыр көзді, қара шашты, шет жағын ақ шаш басқан, үстіңгі ернінің оң жағында тыртығы бар, оң жақ бетінде және ернінің үстінде қалы бар.
Жоғалған күні азаматтың үстінде: Қара-көк түсті куртка мен басында ақшыл түсті бас киім және қара-көк түсті джинсы шалбар мен аяғында қара түсті аяқ киім болған. Оған қоса, қолында пакет болған. Алайда, оның ішінде не болғаны белгісіз.
Владимир Тернавскийдің жұбайы Мерекенің айтуынша, ер адам 21 мамыр күні таңғы сағат сегізге жуық үйден кетіп қалған. Жақындары оны жұмысқа кетті деп ойлаған.
Алайда, келіншегі кейін оның ұялы телефонын төсектен тауып алған. Телефон дыбыссыз режимге қойылған.
Сонымен қатар, жоғалып кеткен ер адамның әмияны да үйден табылған. Бірақ, жеке куәлігін ол өзімен алып кетсе керек. Себебі, құжат оның әмиянында болмаған.
Тіс дәрігерін отбасы өздігінен таба алмаған соң, олар полицияға арыз жазған.
Егер Владимир Тернавскийдің қайда екенін білсеңіз, немесе қолыңызда іздеу жұмыстарына көмектесетін қандай да бір ақпарат болса онда мына нөмірлерге хабар беріңіз: 8 705 550 84 25, 8 778 694 66 12 немесе 102.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1796220-nr-sltanda-51-zastagy-tis-drigeri-bir-aptadan-beri-tabylmaj-zatyr-foto/