ІІМ армяндарға қоқан-лоққы көрсеткен полицейдің видеосын тексеруде

Опубликовано:

Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди әлеуметтік желіде таратылып жатқан Нұр-Сұлтан қаласының ППД-нің полк командирі міндетін атқарушы Бауыржан Хантеміровтың мәлімдемесі жазылған видеоға қатысты тексеру бастады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ІІМ армяндарға қоқан лоққы көрсеткен полицейдің видеосын тексеріп жатыр
Фото: Петр Карандашов/NUR.KZ: Original

Ғаламторда таратылып жатқан видеода Хантеміров армян ұлтының өкілдеріне қоқан-лоққы көрсетіп, "армяндардың көліктеріне хаттама толтырылмаса", онда ертеңгі күні таңертең взвод командирлері оған түсініктеме жазуға тиіс екенін мәлімдеген.

"Видеоның әлеуметтік желіде таралуын мойындамауға болмайды. Тексеру жүргізіп жатырмыз. Оған (Хантеміровке) күрделі айып тағылғандықтан, қосымша дауыс сараптамасын өткізу керек.
Қатал шаралар қолданылатын болады. Олар жайлы білетін боласыздар. Хантеміровпен тәртіптік комиссиямен сөйлесеміз", - деді Калайчиди.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1796437-iim-armandarga-kokan-lokky-krsetken-policejdi-videosyn-tekserude/