СҚО шенеуніктеріне қызметтік көлік алуға тыйым салынды
Опубликовано:
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов қызметтік көліктерді сатып алуға тыйым салды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

21 мамырда Петропавл қаласының әкімдігі мемлекеттік сатып алулар сайтында 23 миллион теңгеге екі қызметтік көлік сатып алу туралы хабарландыру жариялаған.
Мәтінде 2019 жылы шығарылған көлік С классына жатуы шарт деп жазылған. Талаптарға сәйкес, орындықтары жылытылатын, қозғалтқышының көлемі 2,4 литрден кем болмауы керек.
«Қаржы басқармасына, аудан әкімдеріне қызметтік көлік сатып алмау жөнінде тапсырма беремін. Біз өткен жолы Петропавл қаласының әкімдігі жаңа қызметтік көлік сатып алғалы жатқанын анықтадық. Мұны тоқтату керек», - деді Құмар Ақсақалов.
Сонымен қатар облыс әкімі қаржыны ауылдарды ауызсумен қамту, жол жөндеу, білім беру және денсаулық сақтау саласына бөлу қажеттігін атап өтті.
«Барлық қаржыны осы салаларға қайта бөлу керек. Ақшаны тиісті мақсатқа жұмсайық. Ал бұл күте тұрады. Ескі көлікпен де жүруге болады», - деп әкім сөзін түйіндеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1796468-sko-seneunikterine-kyzmettik-klik-aluga-tyjym-salyndy/