Алматыда самокатпен жүрген аудан әкімі елді таңғалдырды (фото)

Опубликовано:

Алматыда Алмалы ауданының әкімі Бекқали Торғаевтың электрсамокатпен жүргенін қаланың қоғамдық кеңес мүшесі Бекнұр Қисықов Facebook парақшасында жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматыда аудан әкімі самокатпен жүреді (фото)
Алмалы ауданының әкімі Бекқали Торғаев Фото: Айгүл Тұрысбекова: UGC
"Қаланың экологиялық көлік саласында мәдениеттің өзгеріп жатқаны қуантады. Қала тұрғындары біртіндеп көліктен бас тартып, жаяу жүргіншілерге айналуда.

Шенеуніктер мен қала тұрғындарының көбі самокат пен велосипедке, қоғамдық көлікке көшкенін қалаймын. Бұл тек экология ғана емес, үнемділік те.

Көптен бері самокат алғым келіп жүр, бірақ менің салмағына сәйкесі бар ма екен, білмеймін", - деп жазды Қисықов.

Пікір білдірген желі қолданушылары бұл бастамаға баға беруге асыққан.

"Самокатқа жақсы жол керек. Мердігерлердің жұмысының жақсы көрсеткіші", "Бұл самокат мінгендер жаяу жүргіншілер ме, әлде велосипедшілер ме? Самокат мінгендердің жартысы жол ережелерін білмейді деген күдігім бар", "Көлігімді сатып, жаяу жүргінші болдым. Такси мен қоғамдық көлікті пайдаланамын", - деп жазды желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1796487-almatyda-samokatpen-zrgen-audan-kimi-eldi-tagaldyrdy-foto/