Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте 6 баланы қаққан әйел автомат пен механиканы шатастырып алған

Опубликовано:

Шорт тректен жаттығуға келген оннан астам балақайды абайсызда қаққан әйел механикалық қораппен жүретін көлікті жақында ғана тізгіндеген. Қазір осы іс бойынша қылмыстық іс қозғалып, тексеру жүріп жатыр. Оқиғадан төрт жеткіншек жеңіл жарақатпен құтылса, алты және 11 жасар екі қыздың беті тек бүгін бері қарады деп хабарлайды КТК арнасы.

Фото:shkolazhizni.ru
Фото:shkolazhizni.ru: Instagram

Оқиға "Мұз сарайы" кешенінің аумағында болған. Шорт трек спортынан жаттығуға келген оннан астам балақай ата-анасымен қоштасып тұрған сәтте автотұрақта тұрған "Опель" көлігі балаларға соққан.

Соққыдан алты бала қашып үлгере алмай щқалған Ал көлік тізгінінде "Қысқы спорт түрлері" мектебінің дәрігері болған. Автоматты ауысқыш қорапты көлікке үйренген 44 жастағы Елена Крышина сол күні механикалық берілгіш қорапты "Опель Кадет" темір тұлпарын тізгіндеген.

"Артқы колодкасының манжеті жыртылып кеткен. Сонымен бірден жұлқып барып балаларды соққан ғой. Тротуарға шығып кетіп, балалар  қашқан", - дейді Шымкент қаласының №8 қысқы спорт түрлерінен олимпиада резервінің мамандандылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің директоры Бақытжан Зиябеков.

Ал Елена Кришынаның өзі аурухана жағалап, қажетті көмек көрсетуде.

Жарақат алған алты баланың төртеуі бірден үйіне жіберілсе, екеуінің беті бүгін ғана бері қараған.

"Біреуінің диагнозы астыңғы жақ сүйегінің сынған. Шүйде сүйегі жарылған. Бас-ми жарақатын алған", - дейді Түркістан облыстық балалар ауруханасының нейрохирургі Тимур Бегманов.

Айта кетейік, спорт мектебінің басшысы ата-аналардың дәрігерге шағым түсірмегенін жеткізді. Бірақ осы жайт бойынша бір баппен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

Дереккөз: КТК арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1796497-symkentte-6-balany-kakkan-jel-avtomat-pen-mehanikany-satastyryp-algan/

pixel