Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сарқытты қолданбау керек": Еліміздің бас санитары мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Еліміздің бас санитары Жандарбек Бекшин ішек ауруларынан сақтану үшін мерекелік дастарханнан үйге алып келетін дәмнен алыс болу керектігін айтып, мәлімдеме жасады деп хабарлайды КТК арнасы.

Фото:instazu.com
Фото:instazu.com: Instagram

Күн ысығында ішек инфекциясының артуына алаңдаған Жандарбек Бекшиннің көпшілікке айтары бар.

"Ішек аруруларынан сақтану үшін келесі ережелерді сақтаған жөн. Кәмпит және құрғақ конидтерлік өнімдерді есептемегенде мерекелік дастархан алып келетін сарқытты қолданбау керек", - дейді ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин.

Алайда бас санитардың бұл ұсынысын дәстүрге берік адамдар қолдамаған.

"Дастарханда қалған сарқытты алу керек. Өйткені, ол дастарханның басында ұлы, дана адамдар отыр. Сарқытты келісіп бөліп алып, үйіндегі балаларына, немерелеріне "сендерге жұғысты болсын", "алыңдар", "жеңдер" деп апарып береді. Қазіргі сарқыттың мән-мағынасы сол", - деді Алматы облысының тұрғыны Мейрамгүл Бекжанова.

Ал этнограф Гүлім Қабдолдинаның айтуынша, сарқыт  ғұрыптық мәнін жоғалтпаған ежелгі дәстүрдің бірі.

"Тойханада жасайды тойды. Одан көп нәрсе ысырап болып қалып қалады. Сондықтан үй ішінде "балалар ауыз тисін" деп салып алған өте дұрыс. "Гигиеналық талаптарға сай келмейді" деп дәстүрден бас тартуға болмайды. Біздің қазақтың дәстүріндегі қай ырымын, қай тыйымын алмайын, көрегендік жатыр әр жағында", - деді этнограф Гүлім Қабдолдина.

Дереккөз: КТК арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1796499-sarkytty-koldanbau-kerek-elimizdi-bas-sanitary-mlimdeme-zasady/

pixel