Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көп ақша табамын": Головкиннің табысы 100 млн доллардан асатыны рас па?

Опубликовано:

Орта салмақтағы экс-чемпион Геннадий Головкин Fight Hub TV берген сұқбатында DAZN стримдік қызметімен қанша ақша табатынын айтты деп хабарлайды vesti.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Геннадий Головкин DAZN келісімшартымен қанша табыс табатынын айтты
Фото: Петр Карандашов/NUR.KZ: Original

Тараптардың келісімшартқа отырғаны сегізінші наурыз күні жарияланды.

Келісімшарт бойынша, Головкин жылына екі кездесу өткізуге міндетті. Олар үш жылға келісімшартқа отырды.

Yahoo! Sports ақпараты бойынша, боксшы 100 миллион доллардан аса табыс табады. GGG бұрынғы бапкері Абель Санчес те осы сома жайында айтқан болатын.

Осы келісімшарт аясындағы алғашқы жекпе-жегін Головкин 8 маусымда өткізеді. Оның қарсыласы - жеңіліп көрмеген канадалық боксшы Стив Роллс болады.

Геннадий Головкин жұрттың барлығы осы 100 миллион долларды сөз етіп жүргендерін айтты.

"Бұл туралы мен емес, адамдар айтып жүр. Қойыңдаршы, бұл өтірік. Иә, көп ақша табамын. Бірақ нақты соманы айтпаймын", - деді боксшы.

Естеріңізге сала кетейік, Головкин жаңа бапкер таңдап, есімін "өзгертіп" жіберген болатын.

Боксыны қолдаған Қарағанды кеншілері арнайы флешмоб ұйымдастырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1796566-kp-aksa-tabamyn-golovkinni-tabysy-100-mln-dollardan-asatyny-ras-pa/

pixel