Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өз інісінен қызғанады": Күйеуінен әбден мезі болған әйел жыларман халге түсті

Опубликовано:

Бойжеткен 18 жасында күйеуге шығып, қазір бір ұл тәрбиелеп отыр екен. Алайда соңғы кездері күйеуі өз інісінен қызғанып, қол көтере бастаған келіншек не істерін білмей дал болған деп жазады Алаш айнасы.

Күйеуі інісінен қызғанып соққыға жығылып жүрген келіншек жанайқайын жеткізді
Көрнекі сурет: heaclub.ru: Facebook

Келіншек бұрын күйеуін қатты жақсы көргенін айтады. Ол әскери қызметкер болғандықтан жұмысы ауыр екен.

Мұны түсінген әйелі оны әрдайым күлімдеп қарсы алып, тамағын әзірлеп күтіп отыратын көрінеді. Ал өз оқуын әнші мамандығы бойынша жақында бітірген.

"Соңғы кездері күйеуім көп ішетін болды, достарымен кетіп қалады. Мен үйде отырамын,  әрқашан айтқанынан шықпаймын. Жүрегім бір нәрсені сезеді, біреуі бар сияқты.

Өйткені маған қол көтере бастады, өзінің туған інісі мұның бәрін көрді. Ол мені інісінен беталды қызғанып, ұрады. Акша табады, бірақ тапқаны несиеге кетеді немесе анасына береді.

Енді айтарым, өзім оны өзгерте алам ба, не болмаса кетіп қалайын ба?", - деп жас келіншек оқырмандардан кеңес сұраған.

Қатты шаршағанын айтқан ол "Жұрт "Кінәнің бәрін әйел адамнан көреді, бірақ әйел адам үйде отырғанына кінәлі емес қой", - деп ақталды.

"Анам "Кет. Әлі жассың, жұмыс істе" деп ақыл айтады. Күйеуім анамды да жақтырмайды, менімен өте дөрекі сөйлеседі",- деп ағынан жарылды шарасыз қалған келіншек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1796571-z-inisinen-kyzganady-kjeuinen-bden-mezi-bolgan-jel-zylarman-halge-tsti/

pixel