Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда футбол ойнауға кеткен 11 жастағы бала жоғалып кетті (фото)

Опубликовано:

Алматыда 11 жастағы Дамир Оспанов есімді жеткіншек 28 мамыр күні күндіз футбол ойнауға кетіп, қайта оралмаған. Балаларын уайымдаған ата-ана дабыл қағып, бірден іздеу жұмыстарына кіріскен. Алайда, ұлын таба алмаған соң полицияға жүгінуге мәжбүр болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: shutterstock.com
Көрнекі фото: shutterstock.com: Depositphotos

Бұл туралы Дамирдің анасы Әсел Әубәкірова айтты.

Жоғалған күні Дамир Оспановтың үстінде сұр түсті спорттық жейде, қара спорттық шалбар мен қара спорттық аяқ киім болған. Ол сол аяғына сәл ақсаңдап басады.

Дамир сарылау және арықтау бала.

Дамир Оспанов
Дамир Оспанов: UGC
"Қазіргі уақытта Әуезов аудандық полиция басқармасында іздеу тобы құрылды. Баланың жоғалғанына қатысты ақпарат келіп түсе салысымен, Полиция департаментінің оперативті бөлімшесі мен ювеналдық полиция қызметкерлерінен құралған топ жұмысын бастады.
Қазір баланың мекенжайын анықтау мен ата-анасына қайтару бағытына арналған жедел-іздеу іс-шаралары өткізіліп жатыр", - деді Алматы полициясының баспасөз қызметінен.

Дамир Оспановқа қатысты қандай да бір ақпарат білетін кез келген адам төмендегі нөмірлерге хабарласа алады: +7 702 588 2036 (мама) немесе 102.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1796665-almaty-ortalygynda-futbol-ojnauga-ketken-11-zastagy-bala-zogalyp-ketti-foto/

pixel