Жамбыл облысында пара үшін ұсталған шенеуніктің видеосы жарияланды
Опубликовано:
Жамбыл облысы Жуалы ауданының қоғамдық денсаулық күзеті басқармасының шенеунігі парамен ұсталды. Күдіктіні құрықтау сәтінде түсірілген видеоны ҚР МҚСІЖҚІА баспасөз қызметі жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ұсталған шенеуніктің аты-жөні айтылмаған.
Оның 150 мың теңге көлемінде пара алғаны ғана хабарланды.
Сондай-ақ, параны жеке кәсіпкердің делдал арқылы бергені белгілі болды. Қолына кісен салынған шенеунік алған "сыйлығының" қайтарымы ретінде жеке балабақшаның ашылуы үшін санитарлық-эпидемиологилық құжаттарды растап берген.
Хабарламаға сай, лауазымды адам кінәсін толық мойындағандықтан, оны процессуалдық ұстау шарасы жүргізілмеген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1796730-zambyl-oblysynda-para-sin-stalgan-seneunikti-videosy-zarialandy/