Армяндарға қоқан-лоққы көрсеткен полицей органдардан қуылды
Опубликовано:
Полицей Бауыржан Хантеміров әлеуметтік желіде тараған даулы аудиожазбадан кейін органдардағы қызметінен босатылды. Ол Нұр-Сұлтан полиция департаменті ППД полк командирі міндетін атқарушы қызметін атқарған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Нұр-Сұлтан ПД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша полицейге қатысты қызметтік тексеріс жүргізілген.
"Тәртіптік комиссияның шешімімен лауазымды тұлғалардың жеке пайдалануға арналған мобильдік құрылғыларды пайдалануға тыйым салу талаптарын бұзғаны үшін, сондай - ақ этиканы бұзғаны және дөрекі сөз сөйлегені үшін қызметінен босатылды",-деп хабарлады баспасөз қызметі.
Айта кетейік, осыған дейін Хантеміровтің "армяндық көліктерге" хаттама толтыру қажеттігін айтқан аудиожазбасы тараған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1796863-armandarga-kokan-lokky-krsetken-policej-organdardan-kuyldy/