Түркістан облысында қарбыз пісті: Диқандар өнімді Ресейге сатып үлгерген (фото)

Опубликовано:

Еліміздің кейбір өңірлерінде ауа райы әлі де салқындығын жоғалтпаса, түркістандық диқандар өнімдерін нарыққа шығарып үлгерді. Соның ішінде бақша өнімі болып табылатын қарбыздар экспортқа жөнелтілді деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Жетісай ауданы, Мақталы ауылдық округіне қарасты Жайлаукөл ауылында тұратын диқан Совет Мұсаев - еліміз бойынша қарбыз өнімін алған алғашқы шаруа. 

30 жылдан бері диқаншылықты кәсіп еткен ол биыл төрт гектар жерге қарбыз еккен. Әр гектарынан 25-30 тонна өнім алуды жоспарлап отыр.
Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Алғашқы өнімін Ресейдің Новосібір қаласына жөнелткен ол қарбыздың келісін 220 теңгеге бағалап отыр. Мұндай баға отандық нарықта жерлестері үшін қалтаға салмақ түсіретіндіктен өнімді шетелге экспорттаудамын дейді диқаншы.

Бүгінде Мұсаевтың басты мақсаты кеткен шығынды өтеу екен.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Шаруа қарбыздың "Атаман" деген сортын наурыз айының алғашқы бескүндігінде еге бастаған.  

"Биыл көктем ерте түсті ғой. Шамамен он-он бес күн бұрын. Оның үстіне біздің тұратын жер тура шекараға жақын орналасқан. Өздеріңіз білесіздер, Өзбекстандағы климаттың біздікімен салыстырғанда әжептеуір айырмашылығы бар. 

Егістік алқабының әр гектарына шамамен бір млн теңгеден шығын шығардық. Ауа-райының қарасқандығынан бүгін, міне алғашқы өнімімізді саудалап отырмыз.

Енді Ресейге жөнелтіп отырған қарбыздар сатылып, еңбектің нәсібін көрсем деймін. Бұйыртса, алғашқы табысты тапқан соң ауылымызда той болатын шығар",- деп күлді диқаншы. 
Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Facebook

Совет Мұсаев клиент табу жағынан еш қиындық жоқ дейді. Жыл сайын тұрақты сатып алушылары бар екен. 

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Диқаншы жыл он екі ай ауылдың 15 адамын тұрақты жұмыспен қамтып келеді. Тек қарбыз емес, орамжапырақ пен мақта да егуді қолға алған ол өнім пісіп жетілгенде 50-ге жуық жанды жұмыспен қамтиды.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1796874-trkistan-oblysynda-karbyz-pisti-dikandar-nimdi-resejge-satyp-lgergen-foto/