Алматыда бірқатар cауда орны 9 маусымда жұмыс істемейді

Опубликовано:

Оңтүстік астанада бірқатар сауда орындары 9 маусым - Қазақстан президентін сайлау күні жұмыс істемейді деп жазады Zakon.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Алматыдағы сауда орындарының басшылығы 9 маусым күні демалыс күні деп шешкен.

Олар оң мыңға жуық қызметкерлерге болашақ мемлекет басшысын таңдауға мүмкіндік сыйлауды жөн көргендерін айтты.

29 мамырда "Ақ бұлақ", "Түріксіб", "Арлан" және "Керуен" нарықтарының иелері 9 маусымды "жұмыс күні емес" деп жариялады.

Кеше оларға бес сауда орны "Қазына", "Юпитер", "Рахат-2", "Сәлем" және "Кенжехан" қосылды.

Сайлау күні олар да жұмыс істемейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1796965-almatyda-birkatar-cauda-orny-9-mausymda-zmys-istemejdi/