Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Петропавлда әкімдік қызметкерлері заңсыз иемденген 9 пәтер тәркіленді

Опубликовано:

Петропавлда заңсыз тоғыз пәтерді иемденген әкімдік қызметкерлері сотталды деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Петропавлда әкімдік қызметкерлері заңсыз иемденіп алған тоғыз пәтер тәркіленді
Көрнекі сурет: kstnews.kz: UGC
"Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментімен бұрын Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің құқықтық жұмыс және мемлекеттік сатып алу секторының меңгерушісі Б. Өмірсетоваға, мекеменің құқықтық жұмыс және мемлекеттік сатып алу секторының инспекторы Ж. Есетоваға, сондай-ақ Б. Өмірсетованың жолдасы және Ж. Есетованың бірге тұратын адамына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталған болатын", - деп хабарлады агенттік өкілдері.

Тергеу барысында аталған тұлғалардың мәжбүрлеп иеліктен шығаруға жататын тұрғын үйлерді иеленгендері анықталған. Олар пәтерлерді сыбайластарына рәсімдеп, жаңа үйлердегі тоғыз пәтерді заңсыз алған.

Аталмыш тұлғалар мемлекетке 96 миллион теңге залал келтірген.

Ағымдағы жылдың 17 мамырда Солтүстік Қазақстан облыстық сотының  аппеляциалық сотымен Б. Өмірсетова және Ж. Есетова мүлікті тәркілей отырып, 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Олардың сыбайластарының да мүліктері тәркіленіп, бес жыл бас бостандықтарынан айырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1797484-petropavlda-kimdik-kyzmetkerleri-zasyz-iemdengen-9-pter-trkilendi/

pixel