Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында мектеп түлектері мұқтаж отбасыға үй сыйлады

Опубликовано:

Түркістан қаласында Бекзат шағынауданында орналасқан үш мектепті 20 жыл бұрын бітірген түлектер бірігіп, мұқтаж сыныптасының отбасына үй салып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Осыдан жиырма жыл бұрын №11 Ж.Жабаев,  №18 Ж.Еділбаев, №31 Абай атындағы мектептерден түлеп ұшқандар қасиетті рамазан айында осындай игілікті істі қолға алуды бірауыздан мақұлдаған.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Жаңа баспанаға ие болған Бақтыбай Таубаев осы мөлтек ауданның тұрғыны. Денсаулығы жоқ жігіт анасымен бірге тұрады. Тай құлындай тебісіп бірге өскен сыныптастың бұл жайы достарын бұрыннан ойландырып жүрген көрінеді. 1982 жылы туған түлектер Рамазан айының алғашқы күндері іске кірісіп, жоспарлаған үйдің құрылысын бір айдың көлемінде аяқтады.

Түлектер 70 шаршы метрді құрайтын 3 бөлмелі тұрғын үйдің кілтін оразаның соңғы күндерінде табыстап отыр. Олар бірігіп ауызашар беріп, жаңа үйде құран бағышталды. "Ер Бекзаттың інілері ізгілікті іс, ынтымақты көрсетіп елге үлгі болды " десті жерлестері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1797529-trkistan-oblysynda-mektep-tlekteri-mktaz-otbasyga-j-syjlady/

pixel