Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

18 жастағы қостанайлық ару Балаларды қорғау күнінде үшемді дүниеге әкелді (фото)

Опубликовано:

Қостанай облысы Лисаковск қаласының тұрғыны Ирина Лысак Балаларды қорғау күні екі қыз және бір ұл баланы дүниеге әкелді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі
Фото: Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі: UGC

1 маусым күні 18 жастағы Ирина Қостанай облыстық ауруханасында үшемді босанған.

Қазіргі таңда сәбилердің жағдайы қанағаттандырарлық. Олар анасымен бір палатада жатып, ана сүтімен тамақтануда.

"Мен өзім егіздің сыңарымын. Егіздерді күткенбіз, үшем дүниеге келді. Дәрігерлер көмектерін аямады. Бәрі ойдағыдай өтті", - дейді үшемнің анасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1797737-18-zastagy-kostanajlyk-aru-balalardy-korgau-kninde-semdi-dniege-keldi/

pixel