Алматы әуежайында жолаушылар үшін орындықтар қайта қойылды (фото)

Опубликовано:

Алматы әуежайындағы күту залынан алынған орындықтар орындарына қайта қойылды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Алматылық әуежайдағы орындықтар орындарына қайтарылды (фото)
Фото: Александр Мироглов/Sputnik Казахстан: UGC

Алматы әуежайынан ғайып болған орындықтар жолаушылар наразылығын тудырды. Оқиға үшінші маусым күні болған. Халық арасында наразылық артқандықтан сол күні кешке орындықтар орындарына қайтарылған.

Бұған дейін әуежай әкімшілігі кез келген адам кіре алатын бірінші және екінші қабаттағы қоғамдық аймақтардан орындықтар алынады деген ақпарат таратқан болатын.

Әкімшілікті мұндай қадамға баруға орындықтарды такси жүргізушілері мен қаңғыбастар паналайтын орынға айналдырғаны жөнінде шағымдар түсуі мәжбүрлеген.

Алайда мұндай қадам жолаушылар ашуын тудырды. Рейсті түрегеп тұрып немесе сөмкеге отырып күту керегі жолаушылар көңілінен шықпаған.

Әуежай өкілдері орындықтар қайтарылатынын уәде етіп, сөздерінде тұрды.

""Басшылық сын мен қоғамдық пікірге құлақ асып, орындықтарды қоғамдық аймаққа қайтару шешімін шығарды", - деді Халықаралық әуежайдың баспасөз қызметі.

Осылайша күту залдары бұрынғы қалпына қайта оралды. Орындықтарға әдеттегідей таксистер мен жолаушылар жайғасты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1797845-almaty-uezajyndagy-oryndyktar-oryndaryna-kajta-kojyldy-foto/