Бүгін Қазақстанда найзағай ойнап, нөсер жаңбыр жауады
Опубликовано:
Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер жақын күндері Қазақстанда дауыл тұратынын мәлімдеді. Қазгидрометтің болжамы бойынша, 5 -7 маусым аралығында мұндай ауа райы Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында, сондай-ақ, солтүстік және оңтүстік өңірлерде күтіледі деп жазады KAZ.NUR.KZ.

5- 6 маусым күндері СҚО, Ақмола және авлодар облыстарында найзағай ойнап, бұршақ аралас жаңбыр жауады деп күтіулде. Өңірлерде желдің ұйытқуы секундына 15-20 метр болуы ықтимал.
Ауа температурасы түнде 2- 7 градус дейін төмендесе, күндіз 10-15 градусты көрсетпек.
Қостанайда дауыл тұру ықтималдығы 85-90 пайыз деп болжанып отыр. Бұл өңірде де ауа температурасы төмендемек.
Ал Нұр-Сұлтан қаласында секундына 15-20 метрге дейін ұйытқитын дауыл күтілуде. Елордада да найзағай ойнап, жаңбыр жаууы ықтимал.
Сонымен қатар, 5-7 маусым күндері ШҚО-да, 6-7 маусым күндері Жамбыл, Түркістан және Алматы облыстарында қатты жауынға байланысты өзендердергі су деңгейі көтеріледі деп күтілуде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1797846-bgin-kazakstanda-najzagaj-ojnap-nser-zabyr-zauady/