Білім министрлігінің вице-министрі Эльмира Сұханбердиева тұтқындалды
Опубликовано:
Білім және ғылым министрлігінің вице-министрі Эльмира Сұханбердиева екі айға қамауға алынды деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Ауданаралық мамандырылған тергеу соты күдікті Сұханбердиева Эльмира Амангелдіқызын 2 тамызға дейін қамауда ұстау бұлтартпау шарасын қолдануға үкім шығарды", - деп мәлімдеді басылымға соттың баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, кеше 5 маусым күні Ұлттық бюро Білім және ғылым вице-министрін тергеп жатқаны белгілі болған еді. Алайда шенеунік не үшін күдікке ілінгенін әзірге айтылған жоқ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1798031-bilim-zne-gylym-vice-ministri-elmira-shanberdieva-ttkyndaldy/