Алматыда жоғалған құжаттармен несиелер рәсімдеген алаяққа іздеу салынды (фото)

Опубликовано:

Алматыда ер адам өзгелердің жеке куәліктерімен қомақты несие рәсімдеген деп хабарлайды қалалық ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Алматыда жоғалған құжаттармен қомақты несиелер рәсімдеген алаяқ ұсталды (фото)
Фото: Алматы ПД баспасөз қызметі: Facebook
"Алматы аумағында ер адам екінші деңгейлі банк бөлімшелерінде біреулердің жеке мәліметтері бойынша, жалған құжаттармен екі миллион теңгеден асатын несиелер рәсімдеген. Жәбірленушілер құжаттарын жоғалтқан, ал күдікті жоғалған құжатты пайдаланып, банкке барып, несие рәсімдеген", - деді Медеу ауданының полиция басқармасының басшысы Болат Тотыбаев.

Мұндай алаяқтыққа ер адам бірнеше рет баруы мүмкін. Сондықтан қалалық полиция азаматтардан күдіктіні тануға тұрғындардан көмек сұрауда.

Полиция бұл адамға қатысты кез келген ақпаратты Алматы қаласының ПД тергеу басқармасына немесе төмендегі нөмірлер бойынша хабарлауды сұрайды: 254-48-00; 54-48-03; +7-708-337- 85-17 немесе "102".

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1798124-almatyda-zogalgan-kzattarmen-komakty-nesieler-rsimdegen-alaakka-izdeu-salyndy-foto/