"Таксимен алып қаштым": Отандық әнші сүйіктісін қалай келін қылып түсіргенін айтып берді
Опубликовано:
Жас әнші, "Қатал тағдыр" әнінің орындаушысы Азамат Оразбек KAZ.NUR.KZ тілшісіне эксклюзивті сұхбат беріп, өзінің жан жарымен қалай танысқанын айтып берді. Ғашығын таксимен алып қашқан ол, бүгінде бақытты отбасымыз дейді.

Бала күнінен өнер әлеміне бет бұрып, ән орындауды жанына серік еткен Азамат Оразбек болашақ жарымен қалай танысқанын да айтып берді.
"Келіншегіммен ортақ құрбымыздың туған күнінде танысқан болатынбыз. Ең алғаш сол жақта бір-бірімізді көрдік, сосын бір жылдай қыз бен жігіт ретінде араласып жүрдік.
Сөйтіп бір жылдай жүріп, тұрмыс құруға ұсыныс жасап, отбасын құрдық. Қазір Айзере мен Айсұлтан деген екі кішкентай сәбиіміз бар", - деді әнші.
Сонымен бірге өнерпаз жігіт жан жарын қалай ашып қашқаны жайлы да әңгімелеп берді.
"Келісіммен алып қашатын болып, алдын ала бір күн бұрын жолдастарыммен ертең алып қашамыз деп жоспарладық. Бірақ жоспар өзгеріп, сол күні алып қашуға тура келді.
Ал достардың ешқайсысында көлік табылмай, таксимен алып қашқан болатынмын", - дейді жігіт.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1798133-taksimen-alyp-kastym-otandyk-nsi-sjiktisin-kalaj-kelin-kylyp-tsirgenin-ajtyp-berdi/