Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қала мен ауыл арасындағы алшақтықты азайтайық": Төлеутай Рақымбеков ауыл жастарын жұмыспен қамтуды ұсынды

Опубликовано:

"Ауыл" Халық-демократиялық партиясының атынан президенттікке үміткер Төлеутай Рақымбеков Қазақстанды агроөнеркәсіптік ел, нарықтағы экологиялық таза өнімнің көшбасшысы ретінде көреді.

Төлеутай Рақымбеков
Төлеутай Рақымбеков: Depositphotos

Сонымен қатар үміткер рухани-өнегелік мұрамызды сақтап, оны жастарға қалдыруға шақырады. Сондай-ақ Рахымбеков ауыл жастары қалаға кетпес үшін, ауылда бәсекелестікке қабілетті жұмыс орындарын ашу керектігін алға тартуда.

Үміткер мен оның сенімді өкілдері осы бағдарламамен Қазақстанның бірнеше аймағын аралап, шаруалар мен жергілікті тұрғындарды таныстырып қайтты. Ат басын тіреген облыстар мен қалалар арасында – Қарағанды, Ақтау, Ақтөбе, Семей қалалары, Қостанай, Атырау, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстары және т.б.

Сондай-ақ Төлеутай Рақымбеков елордада өткен веломарафонға қатысты. Бұл шараға президенттікке үміткерден басқа 300-ден аса адам қатысқан.

Президенттікке үміткер негізгі бағытын ауылшаруашылығын дамыту деп таңдағанымен, ол қала мен ауыл өмірі тығыз байланыста екенін жақсы түсінеді. Ауылды жандандырып, қаладағы өмір сүру деңгейін өркендетуге болатынына сенімді. Үміткердің пікірінше, ауылда ашылған бір жұмыс орны, қалада 7-8 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

"Әлеуметтік тұрғыдан ауыл мен қала алшақтығын азайту керек. Көмек көрсетуді оңтайландырып, ауыл мен елді мекендердегі медициналық қызмет деңгейін жақсарту керек. Сонымен қатар электр тогымен, сумен, газбен қамту мәселесін шешіп, мектеп, балабақша, медициналық, мәдени және спорт мекемелерін ашу керек. Сондай-ақ, көпбалалы және жұмыссыз тұрғындардың қорғау мәселесіне көңіл бөлген абзал", - деп мәлімдеді Төлеутай Рақымбеков.

Ауылшаруашылық өндірісі ең аз жалақымен қамтылған сала екенін айта кеткен жөн. Жастардың ауылдардан қалаға ағылуының бірден-бір себебі де осы.

Жас мамандарды ауылдарға тартып, ауылдан шыққан жастардың туған жерлеріне қайтатындай жағдай жасау керек. Бұл ауылда қолайлы жағдайлар жасалса ғана мүмкін. Мысалы, қолданылатын шаралар қатарында, ауыл жастарына арналған арнайы жұмыс орындар банкін құру, әлеуметтік тұрғын үйлер тұрғызу арқылы жастарды тұрғын үймен қамту.

Кейін кәсібі бойынша жұмыс істеу арқылы қарызын қайтаруды міндеттейтіндей етіп, жастарға жоғары кәсіби білім алуға мүмкіндік беретін пайызсыз несие беру механизмдерін енгізу аса маңызды.

Агроөндірістік кешен технологиялық деңгейге өтуі тиіс. Мысалы, минералды тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғау дәрілерін себетін интеллектуалды жүйелерді ойлап тауып, дамыту керек. Сондай-ақ ауыл шаруашылығына сандық технологияларды енгізу маңызды.

Төлеутай Рақымбековтың сайлауалды бағдарламасы туралы толық мәліметті мына жерден алуға болады. Президенттікке үміткер Т. С. Рақымбековтың сайлау қорынан төленді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1798152-kala-men-auyl-arasyndagy-alsaktykty-azajtajyk-tleutaj-rakymbekov-auyl-zastaryn-zmyspen-kamtudy-syndy/

pixel