Сайлау: Кандидатқа "қастандық" жасаған елордалық әйелге айыппұл салынды
Опубликовано:
Сот Қазақстан Президенттігіне үміткерлердің бірінің үгіт-насихат материалын бүлдіргені үшін елордалық әйел адамды 15 АЕК бойынша айыппұл төлеуге міндеттеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Президенттікке үміткерлердің бірінің үгіт материалдарын қасақана бүлдіру фактісі анықталды. Аталған факті бойынша Астана қаласының тұрғынына ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 114-бабы бойынша 15 АЕК айыппұл салынды", - деді Бас прокурордың орынбасары Болат Дембаев.
Қазақстанда 2019 жылы 1 АЕК 2525 теңгеге сай келгендіктен, елордалық әйел адамға 37 875 теңге төлеу міндеттелді.
Оның нақты қай үміткердің үгіт-насихат материалын бүлдіргені хабарланған жоқ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1798374-sajlau-kandidatka-kastandyk-zasagan-elordalyk-jelge-ajyppl-salyndy/