Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында комиссияға дастархан жайған мұғалімдер әшкере болды (фото, видео)

Опубликовано:

"Ақтөбе - адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің өкілдері комиссия қызметкерлеріне дастархан жайған мектеп мұғалімдерінің үстінен түскен. Оқиға Ақтөбе облысының Байғанин ауданы Т.Жармағамбетов атындағы мектепте болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: "Ақтөбе – адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің баспасөз қызметі
Фото: "Ақтөбе – адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің баспасөз қызметі: Depositphotos

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл факті биыл 6 маусымда тіркелген.

Дастарқан ауданға облыстық педагогикалық-дәрігерлік-психологиялық кеңесінен 10 адам болып барған комиссия қызметкерлеріне жайылғаны анықталған. Олар арнайы білім беру ұйымдарына жолдама беру үшін тексеру жүргізуге келген.

"Әлеуметтік нысандарды аралау барысында жобалық кеңсе қызметкерлері білім беру ұйымындағы технология кабинетінде молынан жайылған дастарханға тап болды. Дастархан ауданға қызметтік іс-сапармен облыстан келген "қонақтарға" арнап жайылғандығы анықталды", - дейді "Ақтөбе – адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің баспасөз қызметі.

Ведомство атап өткендай қазір барлық аудан орталықтарында ғана емес, тіпті кейбір ауылдарда жақсы тамақтануға болатын мейрамхана, дәмхана, асханалар бар. Мәселен сол ауылға іссапармен барған "Адалдық алаңы тобының" өкілдері ауыл кафесінен тамақтанғандарын айтады.

Қазір бастары дауға қалған комиссия мүшелері мен ұстаздарға қатысты мәселе қаралып жатыр.

"Аталған оқиға бойынша ақпарат облыстық білім басқармасына қарауға және тиісті шара қолдануға жолданды. Мұндай жағдайда ҚР қылмыстық кодексінің 247 бабы бойынша мүліктік қызметтер түрінде сыйақы алу ретінде квалификацияланып, оған 80 АЕК көлемінде айыппұл салынады немесе сол көлемге тең келетін түзеу жұмыстары, не болмаса 80 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 20 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қолданылады.
Жобалық кеңсе осы бағытта жұмысын белсенді түрде жалғастыруға ниетті. Ол үшін бізге жоғарыда аталған оқиғаға бей-жай қарамайтын және осыған ұқсас жағдай орын алғанда хабарлай алатын тұрғындардың көмегі қажет. Сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен ұйымдарының қызметкерлері халықтың алдында беделін түсіретін, адамгершілікке жат қылықтарды болдырмауды ескертеді", - дейді топ жетекшілері.

Бұл жағдайға қатысты білім басқармасы да пікір білдірді.

"Бұл жағдайдан хабардармын. Олар Байғанин ауданына үш күнге барған. Тамақтарына 1 мың теңгеден төлеген. Олар ешкімге дастархан жайғызбаған. Интернатта тамақ ішкен", - деді облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1798383-aktbe-agenttik-toby-komissiaga-dastarhan-zajgan-mgalimderdi-stinen-tsti-video/

pixel