ШҚО-да ресейлік екі азамат суық қарумен ұсталды
Опубликовано:
Семей шекара отрядының "Ауыл-авто" өткізу бөлімшесінде Ресейден Қазақстанға "Новокузнецк-Алматы" бағытымен жүрген 1992 және 1989 жылғы екі ресейлік азамат ұсталды деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Оқиға бүгін, таңғы 9:00 шамасында болған.
Азаматтардың біреуіне тиесілі "Лада Ларгус" көлігін тінту кезінде жүктердің арасынан екі қорапқа салынған 442 дана түрлі пышақ және Ф-1 гранатасы табылды. Олардың айтуынша, граната тек муляж еді.
Табылған пышақтар мен граната Бородулиха аудандық полиция бөлімінің сарапшыларына тапсырылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1798430-resejlik-kos-azamat-kanzarlarmen-zne-granatamen-staldy/