"Қазақстан барысы": Айбек Нұғымаров екінші мәрте жеңімпаз атанды

Опубликовано:

Нұр-Сұлтанда өткен "Қазақстан барысы-2019" жарысының жеңімпаз анықталды. Бас жүлде - 25 млн теңгені Айбек Нұғымаров еншіледі деп хабарлайды Vesti.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Айбек Нұғымаров екнші мәрте "Қазақстан барысы" атанды
Фото:Жігер Әбенов/Vesti.kz: Twitter

Ақтық сайысқа ең ауыр қарсыластар шықты. 151 келі тартатын Ерасыл Қажыбаев пен Айбек Нұғымаров, ол соңғы өлшенуде жеті келіге жеңіл болған.

Айбек Нұғымаров екнші мәрте "Қазақстан барысы" атанды
Фото:Жігер Әбенов/Vesti.kz: Facebook

Бірінші ұпайды Қажыбаев өз қоржынына салды, бірақ Нұғымаров есесін қайтарып қана қоймай, алға шыға алды.

Айбек өзінің лақтыру әдісінің бірін сөзсіз жеңіс деп бағалағанмен, төрешілер оған ұпай берумен шектелді.

Айбек Нұғымаров екнші мәрте "Қазақстан барысы" атанды
Фото:Жігер Әбенов/Vesti.kz: Facebook

Дегенмен соңғы минуттарда Нұғымаров жеңіске жеті.

Айта кетерлігі, палуан 2013 жылы "Қазақстан барысы" атанған еді.

Айбек Нұғымаров екнші мәрте "Қазақстан барысы" атанды
Фото:Жігер Әбенов/Vesti.kz: Facebook

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1798490-ajbek-ngymarov-ekinsi-mrte-kazakstan-barysy-atandy/