Бақауов сайлау бөлімшесінің ашылуын күтуге мәжбүр болған

Опубликовано:

Қазақстан бойынша барлық сайлау бөлімшелері өз жұмысын сағат 7:00-ден бастады. Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов сайлау бөлімшесіне әйелі мен төрт баласымен бірге келген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Болат Бақауов сайлау бөлімшесіне әйелі мен төрт баласымен бірге келді. Фото: NUR.KZ
Болат Бақауов сайлау бөлімшесіне әйелі мен төрт баласымен бірге келді. Фото: NUR.KZ: Original

Болат Бақауов Торайғыров атындағы облыстық кітапханада орналасқан №15 сайлау бөлімшесінде дауыс берді.

Облыс басшысы ол жерге сайлаудың ресми түрде басталуына он минут қалған кезінде келген. Сол себепті әкім ғимаратқа кіру үшін сағат 7:00 болуын күткен.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Бақауов сайлау бөлімшесінің ашылуын күткеніне қарамастан, ең бірінші болып дауыс бере алмаған. Бұл бөлімшеде 1633 дауыс беруші тіркелген. Олардың 24-не қызметкерлер үйлеріне арнайы барып, дауыс алады.

86 жастағы зейнеткер Иния Шафигулина күнделікті ерте оянғандықтан, бірден сайлауға барып, өз таңдауын жасауды жөн көрген.

Павлодар обласының әкімі. Фото: NUR.KZ
Павлодар обласының әкімі. Фото: NUR.KZ: Original

Павлодардағы №15 сайлау бөлімшесінде ОБСЕ халықаралық бақылаушылары жұмыс істеп жатыр.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1798495-bakauov-sajlau-blimsesini-asyluyn-ktuge-mzbr-bolgan/